Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің қызметкерлері «Дархан дала» жобасы аясында жастармен табиғат аясында тағылымды кездесу ұйымдастырды.
Жоба барысында мешіт ұстазы Фархад Нұрланұлы бастаған мешіт жамағаты мен шәкірттері қазақтың көрнекті ақыны, ойшылы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мәңгілік тыныстаған жеріне барып, Құран бағыштап, дұға жасады.
Тағылымды шара барысында Фархад Нұрланұлы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылық мұрасы, ұлт руханияты мен қазақ әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесі жайында кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, жастарға ұлттық құндылықтарды қастерлеу, ата-баба аманатына адал болу және тарихи тұлғалардың өнегелі өмірінен үлгі алудың маңыздылығы жөнінде насихат айтты.
Шара соңында қатысушылар табиғат аясында еркін пікір алмасып, рухани және танымдық бағыттағы кездесудің тағылымы мол болғанын атап өтті. Осындай игі іс-шаралар арқылы жастардың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық және рухани құндылықтарға деген құрметін арттыру көзделуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы