Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының құрылғанына 10 жыл толуына орай әйелдер арасында Құран жарысы өтті.
Тағылымды шара мешіттің әйел ұстазы Алия Рахманқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Жарыстың ашылуында аймақтың бас имамы Нұржан Оңғарұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, Құран Кәрімді үйрену мен оны өмірде ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ шәкірттерді Алла Тағаланың кітабына қызмет етуден танбауға үндеді.
Сайыс «әл-Мутаффифин» сүресінен «ән-Нәс» сүресіне дейінгі аралықтағы сүрелерді жатқа оқу бойынша өтті. Қатысушылардың Құранды жатқа білуі, тәжуид қағидаларын сақтауы және қирағат мәнері қазылар алқасы тарапынан бағаланды.
Жарыс қорытындысында үздік деп танылған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ орындар табысталды. Сонымен қатар, «Ең үздік тәжуид» және «Әдемі қырағат» номинациялары бойынша арнайы марапаттар берілді.
Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс айтып, Құранға деген сүйіспеншілік пен ізденісті арттыратын мұндай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы