Абай аудандық мешітінде жамағатқа Уақып қорының мақсаты мен маңыздылығы жөнінде насихат айтылды.
Тағылымды уағызды мешіттің наиб имамы Жардыбай Ережеп жүргізіп, Уақып қорының қоғамдағы игі бастамаларды жүзеге асырудағы рөлі мен қайырымдылық мәдениетін дамытудағы маңызын кеңінен түсіндірді.
Уағыз барысында уақып жасаудың Ислам дініндегі сауапты амалдардың бірі екені айтылып, оның мешіттердің, діни-ағарту жұмыстарының, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларының тұрақты дамуына қосатын үлесі ерекше екені атап өтілді. Сонымен қатар, жамағат қайырымдылыққа, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және сауапты істерге белсенді атсалысуға шақырылды.
Шара соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, Уақып қоры арқылы жасалған әрбір игі істің қоғам игілігіне қызмет ететін сауапты амал екені түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы