Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Ізгілік керуені» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.
Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлының бастамасымен өткен игі шара аясында көпбалалы, жалғызбасты және әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Акцияның басты мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Шара барысында ұйымдастырушылар мұқтаж жандарға қамқорлық жасау – Ислам дінінің негізгі қағидаларының бірі екенін атап өтіп, жамағатты ізгі істерге үндеуге ерекше мән берді.
Қайырымдылық көмегіне ие болған отбасылар ұйымдастырушылар мен демеушілерге шынайы ризашылықтарын білдіріп, осындай игі бастамалардың көпшілікке үміт пен қуаныш сыйлайтынын жеткізді.
«Ізгілік керуені» акциясы алдағы уақытта да жалғасып, қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсету бағытындағы игі істер өз жалғасын табатын болады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы