Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәрісті мешіт имамы Жанаділ Манарбекұлы жүргізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында тағылымды насихат айтты.
Дәріс барысында қазақ жеріне ислам дінінің таралу тарихы, халқымыздың сан ғасырлық діни-рухани мұрасы және мұсылмандық мектептің қалыптасу кезеңдері жан-жақты түсіндірілді. Имам ата-бабаларымыздың дәстүрлі исламды ұлттық салт-дәстүрмен үйлестіре отырып ұстанғанын айтып, имандылық, білімге құштарлық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу секілді асыл қасиеттердің ислам тәрбиесімен астасып жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар, қазақ даласынан шыққан ғұламалар мен ойшылдардың ислам өркениетіне қосқан ғылыми әрі рухани үлесі кеңінен баяндалып, олардың еңбектерінің бүгінгі қоғам үшін маңыздылығы атап өтілді. Дәріс барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу, ұлттық болмысты сақтау және жастардың діни танымын дұрыс қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында жамағат көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Мұндай рухани дәрістер халықтың діни сауатын арттырып, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттауға және ұлттық рухани мұраны кеңінен танытуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы