Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан дала» жобасы аясында жастар тарихи мешітпен танысты
«Дархан дала» жобасы аясында жастар тарихи мешітпен танысты

«Дархан дала» жобасы аясында жастар Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітіне зиярат жасап, тарихи мешіттің сәулетімен және рухани мұрасымен танысты.

Кездесу барысында мешіт имамы Митератбек Орынбекұлы жастарға мешіттің салыну тарихы, сәулеттік ерекшеліктері мен өңірдің рухани өміріндегі орны туралы кеңінен мәлімет берді. Сондай-ақ Құнанбай қажының қазақ қоғамындағы тарихи тұлғасы мен оның елдің діни-ағартушылық қызметіне қосқан үлесіне тоқталды.

Жастар көне мешіттің тарихымен танысып, ұлттық және рухани құндылықтардың маңызын тереңірек түсінді. Танымдық кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды сұхбат өрбіді.

Осындай тағылымды шаралар жас буынның туған өлкенің тарихын танып-білуіне, ұлттық мұраны құрметтеп, рухани құндылықтарды дәріптеуіне ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz