Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінің әйелдер жамағаты КАРЛАГ музейіне экскурсия жасады
Абай аудандық мешітінің әйелдер жамағаты КАРЛАГ музейіне экскурсия жасады

Абай аудандық мешітінің ұстазы Көкебай Нұризаның ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты  тарихи маңызы зор КАРЛАГ музейіне танымдық экскурсия жасады.

Экскурсия барысында қатысушылар КАРЛАГ лагерінің тарихымен танысып, жазықсыз жапа шеккен мыңдаған адамның тағдыры туралы тың мәліметтер алды. Музей қызметкерлері лагерьдің құрылу тарихы, сол кезеңдегі қиын өмір, қуғын-сүргін құрбандарының бастан өткерген ауыр тағдырлары жайында кеңінен ақпарат берді.

Тағылымды сапардың негізгі мақсаты – тарихи сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ алу, ел тарихын құрметтеу және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу болды.

Экскурсия соңында қатысушылар жазықсыз құрбан болған жандарға Құран бағыштап, дұға жасады. Жамағат осындай тағылымды шараны ұйымдастырған ұстаз Көкебай Нұризаға алғыстарын білдіріп, тарихи орындарға жасалған сапардың ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz