Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітіне жамағат игілігі үшін электрлі қосалқы станция (подстанция) уақып етілді.
Осы игі істің жүзеге асуына үлес қосқан дін жанашырларына мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы шынайы ризашылығын білдіріп, Алла Тағаладан жасаған жақсылықтарының сауабын еселеп беруін тіледі.
Сонымен қатар, имам жамағатқа уақыптың қоғамдағы орны мен маңызы туралы насихат айтып, уақыптың мешіттердің дамуына, діни-ағарту және қайырымдылық жұмыстарын жүйелі жүргізуге зор үлес қосатынын жеткізді.
Шара соңында ел игілігі үшін атқарылып жатқан қайырымды істердің арта беруіне тілектестік білдіріліп, игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы