Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде «Бабалар ізімен» кітабы бойынша дәріс өтті
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде «Бабалар ізімен» кітабы бойынша дәріс өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағаттың діни танымын арттыру мақсатында «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы негізінде тағылымды дәріс ұйымдастырылды. Аталған кітап қазақ жеріндегі ислам дінінің тарихын, халқымыздың діни-рухани мұрасын және дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған.  

Дәрісті мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізіп, қазақ даласында қалыптасқан мұсылмандық мектептің ерекшеліктері, ата-бабаларымыздың діни ұстанымы мен салт-дәстүрдің ислам құндылықтарымен сабақтастығы жайында кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар, дәріс барысында халқымыздың рухани мұрасын дәріптеу, ұлттық болмысты сақтау және дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың маңыздылығы айтылды. Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Осындай танымдық кездесулер жамағаттың діни сауатын арттырып, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ жастардың дәстүрлі ислам жолын дұрыс түсінуіне оң ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz