Center Image
IHSAN.KZ
Шет аудандық “Жанқұтты би” мешітінде садақ ату бойынша тағылымды дәріс өтті
Шет аудандық “Жанқұтты би” мешітінде садақ ату бойынша тағылымды дәріс өтті

Шет аудандық “Жанқұтты би” мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында балаларға арналған садақ ату сабағы ұйымдастырылды.

Тағылымды шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ата-баба мұрасын сіңіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Сабақ барысында қатысушыларға садақ атудың негізгі ережелері мен қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, ұлттық садақты дұрыс ұстау, көздеу және ату тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Балалар ерекше қызығушылық танытып, өз мергендіктерін сынап көрді.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас буынның ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, олардың рухани және дене тәрбиесінің қатар қалыптасуына оң ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz