Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Аталар мектебінің» кезекті жиыны өтті.
Тағылымды басқосуда жиналған көпшілікке «Дін мен дәстүр» кітабы таныстырылып, оның мазмұны мен қоғамдағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Кітапта қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Ислам дінінің сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа дұрыс жеткізу мәселелері қамтылғаны айтылды.
Шараға ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар қатысып, ұлттық тәрбие, отбасы құндылығы, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету сынды маңызды тақырыптар төңірегінде өзара пікір алмасты. Басқосу барысында ұлттық болмыс пен рухани мұраны насихаттаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Жиын соңында қатысушылар мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулердің жастарға үлгі болып, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы