Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан Дала» жобасы аясында ұлттық ойындар ұйымдастырылды
«Дархан Дала» жобасы аясында ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Дархан Дала» жобасы аясында мешіт жастары арасында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.

Шара барысында қатысушылар ат үстінде ойналатын теңге ілу және аударыспақ ұлттық ойындарынан бақ сынап, өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсетті. Мұндай шаралар жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, ата-баба мұрасын дәріптеуге, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz