Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен жат діни ағымдардың алдын алу бағыты аясында Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентіндегі №31 түзету мекемесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басып шығарған діни әдебиеттер табысталды.
Кітаптар сотталған азаматтардың діни сауатын арттыруға, дәстүрлі ислам құндылықтарын дұрыс түсінуіне және радикалды идеологияның алдын алуға бағытталған. Ұйымдастырушылар мұндай рухани-ағартушылық жұмыстардың қоғамда діни тұрақтылықты нығайтуға және адасқан көзқарастардың алдын алуға оң ықпал ететінін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы