ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты аясында Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі мұсылман зиратында тазалық және жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі шара аймақ имамы Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен өтіп, оған кент тұрғындары белсене қатысты. Акция барысында зират аумағы қоқыстан тазартылып, қираған қоршаулар қалпына келтірілді. Сондай-ақ ашылып қалған мазарлар қайта көмілiп, ретке келтіріліп, марқұмдарға құрмет көрсетілді.
Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар ата-баба аманатына деген құрметті арттырып, қоғамда тазалық мәдениеті мен рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал ететінін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы