Center Image
IHSAN.KZ
«Ихсан – көркем мінездің негізі» тақырыбында уағыз айтылып, жат ағымдардың алдын алу бағытында насихат жүргізілді
«Ихсан – көркем мінездің негізі» тақырыбында уағыз айтылып, жат ағымдардың алдын алу бағытында насихат жүргізілді

Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің имамы Ермахан Оралбай жамағатпен кездесіп, «Ихсан – көркем мінездің негізі» тақырыбында уағыз айтты. Сонымен қатар, жат ағымдардың алдын алу бағытында арнайы насихат жұмыстары жүргізілді.

Уағыз барысында ихсан ұғымының исламдағы орны кеңінен түсіндіріліп, әрбір мұсылманның Алла Тағаланы көріп тұрғандай құлшылық етуге ұмтылуы, жүріс-тұрысында көркем мінезді қалыптастырып, айналасына пайдасын тигізетін ізгі жан болуы керектігі айтылды. Бас имам көркем мінездің қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтудағы маңызына ерекше тоқталды.

Кездесу аясында дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың маңыздылығы насихатталып, жат ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сондай-ақ жамағатқа діни білімді тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынған ресми әрі сенімді дереккөздерден алып, күмәнді ақпараттар мен бейресми уағызшылардың ықпалына ермеу қажеттігі ескертілді.

Жиын соңында жамағат көкейлеріндегі діни сауалдарына жауап алып, уағыздың тәрбиелік әрі рухани маңызы жоғары болғанын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz