Center Image
IHSAN.KZ
Атыраудан келген жамағат «Міржақып Дулатұлы» мешітін зиярат етті
Атыраудан келген жамағат «Міржақып Дулатұлы» мешітін зиярат етті

Атырау өңірінен арнайы ат терлетіп келген жамағат Қарағанды қаласында жаңадан бой көтерген «Міржақып Дулатұлы» мешітіне арнайы зиярат жасады.

Зиярат барысында мешітте қасиетті Құран Кәрім оқылып, ата-баба рухына бағышталды. Сондай-ақ еліміздің амандығы, жеріміздің тыныштығы мен халқымыздың бірлігі үшін дұға жасалды.

Қонақтарды мешіт имамы Мирас Ерланұлы жылы қарсы алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Кездесу соңында мешіт асханасында арнайы дастарқан жайылып, келген қонақтарға құрмет көрсетілді.

Жамағат жаңа мешіттің сәулетіне, атқарылып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz