Абай аудандық полиция бөлімінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуді Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев жүргізіп, жат ағымдардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері әсері, олардың белгілері және дәстүрлі ислам құндылықтарының маңызы жөнінде кеңінен насихат айтты.
Шара барысында діни ақпаратты тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігі, жастардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту жолында әр азаматтың жауапкершілігіне ерекше тоқталды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы