Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында тағылымды дәріс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында кітапта баяндалған қазақ жеріндегі ислам дінінің тарихы, халқымыздың дәстүрлі діни ұстанымы, ұлттық салт-дәстүр мен діннің өзара сабақтастығы, сондай-ақ бабаларымыздан мирас болып жеткен рухани құндылықтар кеңінен насихатталды.
Дәріс барысында жамағатқа дәстүрлі исламның маңызы түсіндіріліп, ұлттық болмысты сақтаудағы рухани мұраның орны жөнінде маңызды ойлар айтылды. Сондай-ақ қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Шара соңында жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мұндай тағылымды кездесулердің берері мол екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы