Center Image
IHSAN.KZ
Осакаровкада жасөспірімдер арасында қазақ күресінен сайыс өтті
Осакаровкада жасөспірімдер арасында қазақ күресінен сайыс өтті

Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кентінде жасөспірімдер арасында қазақ күресінен сайыс ұйымдастырылды.

Дәстүрлі спорт түрін дәріптеуге бағытталған жарыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу, ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру және олардың бойына отансүйгіштік пен қайсарлық қасиеттерін қалыптастыру.

Сайыс барысында қатысушылар өзара бақ сынап, шеберліктерін көрсетті. Жарыс соңында үздік өнер көрсеткен балуандар марапатталып, ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz