Осакаровка аудандық мешітінің бас имамы Құдайберген Серікұлы аудандық емханада қызметкерлермен және келушілермен кездесіп, жат ағымдардың қоғамға тигізер зардабы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында дәстүрлі исламның құндылықтары, деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың жастар мен қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, діни ақпаратты тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігі және ата-баба жолына негізделген дәстүрлі діни ұстанымның маңызы туралы насихат айтылды.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға және діни сауаттылықты арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы