«Дархан дала» жобасы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» және «Хазірет Али» мешіттерінің жамағаты табиғат аясында бас қосып, тағылымды әрі мазмұнды кездесу өткізді.
Шара барысында қатысушылар түрлі спорттық ойындардан бақ сынасып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттады. Сонымен қатар жамағат арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыруға бағытталған тәрбиелік әңгімелер айтылып, рухани құндылықтар дәріптелді.
Мұндай кездесулер жамағат арасындағы ауызбіршілікті күшейтіп, жастарды белсенді өмір салтына баулуға, денсаулықты нығайтуға және табиғат аясында пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, игі бастаманың жалғасын табуына тілектестік танытты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы