Қарағанды қаласындағы «Әл Ғаффар» мешітінде жастардың жат ағымдардың ықпалына түсіп кетуінің алдын алу мақсатында уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында дәстүрлі исламның құндылықтары, діни сауаттылықтың маңызы және деструктивті діни ағымдардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізер кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарды ресми діни ақпарат көздеріне сүйенуге, ұлттық құндылықтар мен ата-баба жолын берік ұстануға шақырған мазмұнды насихат айтылды.
Шара барысында қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау, рухани тұрақтылықты нығайту және жастардың дұрыс діни көзқарасын қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды. Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы