«Дархан дала» жобасы аясында жастардың рухани тәрбиесін нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кездесу мен спорттық шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастармен еркін форматта сұхбат өтіп, имандылық, отансүйгіштік, ұлттық құндылықтар, қоғамдағы жастардың жауапкершілігі және жат ағымдардың алдын алу тақырыптары кеңінен қозғалды. Қатысушыларға дін мен дәстүрдің сабақтастығы, білім мен ізденістің маңызы жөнінде насихат айтылып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап берілді.
Кездесуден кейін жастар арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Мұндай шаралардың басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, достық қарым-қатынасты нығайту, ұйымшылдықты арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы