Шет аудандық әкімдігінде «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы және аудан ақсақалдарының қатысуымен арнайы жиын өтті.
Жиын барысында адам қайтыс болған жағдайда қабір қазу қызметін атқаратын азаматтардың еңбекақысының орташа мөлшерін біріздендіру мәселесі қаралды. Сонымен қатар жерлеу рәсімдерін шариғат талаптарына сай өткізу, зираттарды қоршаудағы артық шығындарды азайту, қонақасы мен құдайы астарда ысырапқа жол бермеу, марқұмды шығарып салу мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Кездесуде ұлттық дәстүр мен ислам құндылықтарын үйлестіре отырып, қарапайымдылықты сақтау, ысырапшылықтан аулақ болу және жаназа рәсімдерін елдің бірлігі мен берекесіне сай ұйымдастырудың маңыздылығы айтылды. Жиын соңында қатысушылар ортақ пікірге келіп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы