Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінде жамағатқа арналған рухани насихат ұйымдастырылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жарыққа шығарған «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында тағылымды дәріс айтылды.
Насихат барысында қазақ жеріндегі ислам дінінің тарихы, халқымыздың дәстүрлі діни танымы мен рухани мұрасы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ ата-бабаларымыз ұстанған Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебінің ерекшеліктері баяндалып, дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы туралы маңызды мәліметтер берілді.
Сонымен қатар жамағатқа дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың, діни білімді сенімді дереккөздерден алудың және жастардың рухани тәрбиесіне мән берудің маңыздылығы насихатталды.
Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сауалдарын қойып, рухани тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Насихатқа қатысушылар мұндай тағылымды кездесулердің қоғамдағы бірлік пен рухани құндылықтарды нығайтудағы маңызы зор екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы