Center Image
IHSAN.KZ
«Ислам құндылықтары және елге қызмет ету» тақырыбында кездесу өтті
«Ислам құндылықтары және елге қызмет ету» тақырыбында кездесу өтті

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің молдасы Сүйіндік Асхат Төлеуқұлұлы Қарағанды қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Ислам құндылықтары және елге қызмет ету» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғаудың сауапты іс екендігі, Отанға адал қызмет етудің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жауапкершілік, ізгілік, адал еңбек, кәсіби міндетті абыроймен атқару және қоғам алдындағы жауапкершілік жайында тағылымды ойлар ортаға салынды.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, дін мен қоғам, адамгершілік құндылықтары төңірегінде пікір алмасты. 



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz