Қарағанды облысы «Әнет баба» мешітіне қарасты «Ханифа» қыздар даму академиясында «Қазақы әшекей жасау өнері» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға арнайы қолөнер шебері қатысып, қазақтың ұлттық әшекейлерін жасау өнерінің қыр-сырымен бөлісті. Қатысушылар дәстүрлі әшекей бұйымдарының жасалу жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеріп, ұлттық мұраның мәні мен маңызы туралы тың мәліметтер алды.
Шеберлік сағаты қыздардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, ата-бабадан мирас болған қолөнерді дәріптеуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы