Center Image
IHSAN.KZ
НӘТИЖЕ СҮТ ӨНІМІ ФАБРИКАСЫНА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
НӘТИЖЕ СҮТ ӨНІМІ ФАБРИКАСЫНА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог маман Нұрбек Қанатұлы және Қарағанды облысы бойынша жергілікті өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы Қарағанды қаласындағы Нәтиже сүт өнімдері фабрикасына  жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді.

Аудит барысында кәсіпорынның халал стандарт талаптарын сақтау деңгейі, өндірістік үдерістердің жүргізілуі, санитарлық-гигиеналық жағдайы, қолданылатын шикізаттар мен тағамдық қоспалардың халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты сараланды.

Аудиттің негізгі мақсаты – тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халал өндіріс талаптарының тұрақты сақталуын бақылау. 

Тексеру нәтижелері бойынша Нәтиже сүт өнімдері фабрикасына тиісті ұсыныстар беріліп, халал стандарттарының орындалуы қадағаланады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz