Осакаров аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы мешіт жамағатына «Уақып – қайырымдылықтың қайнар көзі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында имам уақыптың исламдағы орны мен маңызына тоқталып, оның қоғамдағы қайырымдылық пен ізгілікті дамытудағы рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ сауапты іске үлес қосу, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және игі бастамаларды қолдаудың мұсылман үшін үлкен сауап екені айтылды.
Құдайберген Серікұлы жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уақып қоры арқылы жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және рухани жобалар жөнінде мәлімет беріп, қайырымдылық шараларына белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу соңында жамағатқа ізгі тілектер айтылып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы