Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы мешіт жамағатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уақып қорының маңызы туралы насихат айтты.
Насихат барысында имам Уақып қорының қоғамдағы орны мен оның қайырымдылық бағытындағы қызметіне тоқталып, сауапты іске үлес қосудың артықшылықтарын түсіндірді. Сондай-ақ қор арқылы жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және рухани жобалар жөнінде мәлімет берді.
Ербол Мұқанұлы жамағатты ізгі амалдар жасауға, қайырымдылыққа белсенді қатысуға және қоғам игілігіне қызмет ететін бастамаларды қолдауға шақырды. Сонымен қатар уақыптың ислам өркениетіндегі рөлі мен оның мұсылман қоғамының дамуына қосатын үлесі жайында кеңінен баяндады.
Шара соңында жамағатқа алғыс айтылып, ел тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы