Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы мешіт жамағатымен кездесу өткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уақып қорының мәні мен маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында имам уақыптың исламдағы орны мен қоғам игілігі үшін атқаратын қызметіне тоқталып, қайырымдылық пен сауапты іске үлес қосудың маңызын кеңінен баяндады. Сондай-ақ Уақып қоры арқылы жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік, қайырымдылық және рухани жобалар туралы ақпарат берілді.
Жамағатқа уақып жасаудың сауапты іс екені, оның қоғамның дамуына және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ықпал ететіні түсіндірілді. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Шара соңында жамағатқа игі бастамаларды қолдауға шақырған насихат айтылып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы