Center Image
IHSAN.KZ
«Құран – жүрекке түскен нұр» рухани кеші өтті
«Құран – жүрекке түскен нұр» рухани кеші өтті

Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағатының ұстазы Бақыт Амантайқызының ұйымдастыруымен «Құран – жүрекке түскен нұр» атты Құран оқып үйренген шәкірттерге арналған рухани кеш өтті.


Шараның басты мақсаты – қасиетті Құран Кәрімнің әріптерін танып, оны өздігінен оқуды жаңадан үйренген шәкірттердің алғашқы жетістіктерін атап өту, оларды білімге және имандылыққа ынталандыру болды.


Кеш барысында ұстаздар Құран үйренудің маңызы мен оның адам өміріндегі орны туралы насихат айтып, шәкірттерге жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, Құран оқуды меңгерген шәкірттерге арнайы тәж кигізу рәсімі ұйымдастырылды. Шәкірттер өздерін имандылыққа баулыған аналарының басына тәж кигізіп, әкелерінің иығына шапан жауып, ата-аналарына ерекше құрмет көрсетті.


Рухани кеш аясында курсты сәтті аяқтаған барлық шәкірттерге арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, шәкірттердің білім алуына үлес қосқан ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.


«Құран – жүрекке түскен нұр» рухани кеші қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, білімге, имандылыққа және ата-ананы құрметтеуге үндеген тағылымды шараға айналды. Кеш соңында елдің амандығы мен шәкірттердің жарқын болашағы үшін дұға жасалып, ақ бата берілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz