Center Image
IHSAN.KZ
«Адамзаттың асыл тәжі» шығармашылық сайысы өтті
«Адамзаттың асыл тәжі» шығармашылық сайысы өтті

Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен жамағат жастары арасында «Адамзаттың асыл тәжі» атты шығармашылық сайыс өтті.


Байқау барысында қатысушылар сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолы, өнегелі өсиеттері, адамзатқа қалдырған асыл мұрасы мен салиқалы хадистері туралы баяндады. Сайыстың басты мақсаты – жастардың діни танымын арттырып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезі мен өнегелі өмірін насихаттау болды.


Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар арнайы сертификаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде иегеріне Ұмра қажылығына жолдама табысталды. Сонымен қатар ІІ орынға – 100 мың теңге, ІІІ орынға – 50 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.


Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, ізгі тілектер білдірілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz