Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Ростовка ауылында «Балкен ана» мешітінің ұйымдастыруымен жаңбыр тілеу мақсатында тасаттық рәсімі өткізілді.
Игі шараға ауыл ақсақалдары, жастар және тұрғындар қатысып, Алла Тағаладан жауын-шашын, жерге береке мен елге амандық тіледі. Рәсім барысында ауыл имамы арнайы дұға жасап, халықтың бірлігі мен ынтымағының маңызын атап өтті.
Тасаттық кезінде құрбандық шалынған соң, жиналған жамағатқа ас берілді. Сонымен қатар, шара ауыл тұрғындарының өзара татулығын нығайтып, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Жамағат егінге нәр, малға жайлы жайылым сұрап, елдің тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы