Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен табиғат аясында «Жас толқын дала семинары» атты семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға мешіт қызметкерлері мен шәкірттері қатысып, рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтар төңірегінде пайдалы әңгімелер тыңдады. Семинар барысында жастардың білімін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.
Табиғат аясында өткен басқосу қатысушылардың еркін пікір алмасуына мүмкіндік беріп, олардың рухани дамуына оң әсерін тигізді.
Осындай игі шаралар жастардың бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастырып, қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы