Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Ажар Қыдырманқызы мешіттің әйелдер жамағатына арналған фиқһ дәрісін өткізді.
Дәріс барысында исламдағы зекеттің маңызы мен орны жан-жақты түсіндірілді.
Ұстаз зекеттің кімдерге парыз болатыны, оның нисабы, берілу тәртібі және зекет алуға лайықты адамдар туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ зекеттің қоғамдағы әлеуметтік теңдікті сақтаудағы рөліне тоқталып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің сауабы жайында насихат айтты.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тақырыпқа қатысты пайдалы мәліметтер ұсынылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы