Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде дәстүрлі бейсенбілік рухани уағыз-насихат кеші ұйымдастырылды.
Кеш барысында Қарағанды орталық мешіті – Әнет баба мешіті ұстазы Жүсіпбек Шұғайұлы жамағатқа «Мұхаррам айының қасиеті» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, қасиетті айдың артықшылықтары мен мұсылман өміріндегі маңызы жайында кеңінен насихат жүргізді.
Уағыз барысында Мұхаррам айында жасалатын ізгі амалдардың сауабы, ораза ұстаудың артықшылығы және мұсылманның рухани өмірін жандандырудағы маңызы туралы құнды мәліметтер айтылды.
Алла Тағала баршамызға естіген насихатымызды амалға асыруды нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы