Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған тағылымды шеберлік сағаты өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тұрмыстық дағдыларын жетілдіру болды. Осыған орай қатысушыларға қазақы әшекей бұйымдар жасау және тағам әзірлеу бойынша арнайы шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Бірінші бөлімде қатысушылар қазақ халқының ұлттық әшекей бұйымдарының түрлерімен танысып, олардың жасалу жолдарын үйренді. Сондай-ақ өз қолдарымен бұйымдар жасап, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
Ал екінші бөлімде қыз балалар дәмді тағамдар мен тәттілер дайындаудың қыр-сырын меңгеріп, аспаздық бағытта тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, тағам дайындау барысында тазалық сақтау, уақытты тиімді пайдалану және дастарқан мәдениеті туралы пайдалы мәліметтер берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы