Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің имамы Мирас Ерланұлы мешітінің жамағатына «Жақсылықта жарысу- ізгі қоғам кепілі» тақырыбында жұма уағызын айтты.
«Өмір бізге берілген үлкен мүмкіндік, сынақ алаңы. Ал бұл сынақта озып шығудың, ізгі қоғам құрудың бірден-бір жолы бір-бірімізбенжақсылықта жарысу. Өйткені жақсы істердежарысу – мұсылманның терең ықыласының, ізгі амалдарды жасауға деген құштарлығының көрінісі. Өмірде әркім бір нәрсенің соңынан жүгіріп, өзгелермен жарысып жүреді. Ал мұсылман адам қашан да қайырымдылық пен ізгілік жолында жарысуы тиіс»,- деді.
Имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы