Center Image
IHSAN.KZ
1 маусым – Балалар күніне орай ізгі шара өтті
1 маусым – Балалар күніне орай ізгі шара өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде бүлдіршіндерге арналған қуанышты шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балаларға тәттілер таратылып, олардың көңіл-күйін көтеруге ерекше назар аударылды. Мешіт шәкірттері мен жамағат өкілдері балаларға жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Шараның негізгі мақсаты — балаларды қуанышқа бөлеу, мешітке баулу және жас ұрпаққа имандылық пен ізгілік құндылықтарын насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz