Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінде наиб имам Дархан Түменбай жамағатпен арнайы кездесу өткізіп, жат ағымдардың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және дұрыс діни ұстанымды қалыптастыру тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында имам қазіргі қоғамда кездесетін түрлі діни ағымдардың белгілері мен олардың адам өміріне, отбасы мен қоғам тұрақтылығына тигізетін кері әсерлері жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, дұрыс білімсіз діни ұстанымға еріп кетудің қауіптілігі атап өтілді.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Имам дұрыс діни білімді тек сенімді, ресми діни оқу орындары мен білікті мамандардан алу қажеттігін ескертті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы