«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде сәбиге азан шақырып, есім беру рәсімі өткізілді.
Шара барысында мешіт имамы Мирас Ерланұлы нәрестенің оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтып, ислам дәстүріне сай есімін қойды. Имам жиналғандарға бала тәрбиесінің маңызы, ата-ананың жауапкершілігі және ұлттық әрі діни құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің қажеттілігі туралы насихат айтты.
Сонымен қатар, сәбидің ата-анасына қасиетті Құран Кәрім кітабы тарту етіліп, жас отбасыға ізгі тілектер айтылды. Имам нәрестенің болашағына ақ батасын беріп, денінің сау, иманды, білімді әрі елге қызмет ететін азамат болып өсуін тілеп дұға жасады.
Шара соңында жиналған қауым сәбидің амандығы мен отбасының берекесі үшін ақ тілектерін білдіріп, ізгі ниеттерін жеткізді. Бұл игі шара ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының сабақтастығын дәріптеуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы