Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кентінде жаңа мешіттің қазығын қағу рәсімі өтті.
Тарихи іс-шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы, Абай ауданы әкімшілігінің қызметкерлері, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ақсақалдар, дін қызметкерлері және жергілікті жамағат қатысты.
Сыйымдылығы 100 адамға арналған мешіт Қарағанды–Жезқазған тасжолы бойында, жолаушыларға қолайлы етіп салынбақ.
Шара барысында облыстың бас имамы жиналған жамағатқа мешіт салудың исламдағы орны мен сауабы, оның қоғамдағы бірлік пен руханиятты нығайтудағы маңызы туралы кеңінен уағыз-насихат айтты.
Жиналған қауым мешіттің қазығын қағып, қасиетті орынның ел игілігі жолында қызмет етуін тіледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы