Center Image
IHSAN.KZ
Ростовка кентінде «Жас толқын – Дала семинары» өтті
Ростовка кентінде «Жас толқын – Дала семинары» өтті

Бұқар Жырау ауданына қарасты Ростовка кентіндегі «Балкен ана» мешітінің шәкірттері табиғат аясында «Жас толқын – Дала семинары» тақырыбы бойынша бас қосты.

Іс-шара барысында шәкірттерге мешіт имамы Марғұлан Замелдинов уағыз-насихат айтып, жастар тәрбиесі, имандылық және рухани құндылықтар туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Кездесу табиғат аясындағы еркін форматта өтіп, шәкірттердің рухани дамуына бағытталған пайдалы насихаттармен жалғасты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz