Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Ғаффар» мешітінде дәстүрлі ислам құндылықтары түсіндірілді
«Әл Ғаффар» мешітінде дәстүрлі ислам құндылықтары түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінде бесін намазынан кейін жамағатқа дәстүрлі діни таным мен сенім мектебін насихаттауға арналған уағыз айтылды.

Насихат барысында ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі ислам жолының ерекшеліктері, әһлі сүннет уәл-жамағат сенімінің негізгі қағидалары және қоғамдағы діни тұрақтылық пен бірлікті сақтаудың маңызы кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ жамағатқа діни мәселелерде сенімді дереккөздерге сүйенудің, білікті мамандардан кеңес алудың және халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын құрметтеудің маңыздылығы айтылды. Уағыз барысында дәстүрлі діни танымның қоғамдағы татулық пен рухани тұтастықты нығайтудағы рөліне ерекше тоқталынды.

Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, қатысушылар пайдалы рухани мәліметтер алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz