Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жамағатқа дәстүр мен отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған тағылымды кездесу өтті.
Іс-шара барысында Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырьайұлы сөз сөйлеп, ислам діні мен қазақ халқының салт-дәстүрі арасындағы сабақтастық, отбасының қоғамдағы орны және ұрпақ тәрбиесінің маңызы туралы кеңінен насихат айтты. Ол отбасылық құндылықтарды сақтау – ұлттың рухани тұтастығын нығайтудың негізі екенін атап өтті.
Кездесу соңында жамағатқа дін мен дәстүр сабақтастығын түсіндіретін арнайы кітапшалар таратылып, қатысушыларға рухани-танымдық бағытта пайдалы ақпараттар ұсынылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы