ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бұйрығымен Касимов Мирас Ерланұлы Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің имамы қызметіне тағайындалды.
Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Бұған дейін Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің молдасы қызметін атқарған Мирас Ерланұлының қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты атқарарына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде бұған дейін имам қызметін атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Жасұлан Манатұлының жасаған жұмыстары үшін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының арнайы алғыс хатын табыстап, иығына қазақы құрметпен шапан жапты.
Касимов Мирас Ерланұлы
1988-жылы 17-сәуірде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
Білімі:
- 2016ж (қараша-желтоқсан) Алматы қаласы, РИБЖИИ айлық курс;
- 2018-2020ж.ж. Алматы облысы, Шамалған ауылы, «Үшқоңыр» медресе-колледжі;
- 2020-2023ж.ж Көкшетау қаласы, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес АҚ, тарихне дінтану факультеті.
Еңбек тәжірибесі:
- 2013-2018ж.ж. Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық №1 мешітінің азаншысы;
- 2018-2019ж.ж Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің іс басқарушысы;
- 2018-2019ж.ж.Алматы қаласы, «Сұлтан қорған» мешітінің азаншысы;
- 2019-2020 ж.ж Алматы қаласы, «Түрксіб» мешітінің наиб имамы;
- 2020-2024 ж.ж. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің молдасы;
- 2024 ж бастап Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің молдасы қызметін атқарып келеді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы