«Тауаф Травел» қажылық компаниясымен қасиетті Мекке мен Мәдинаға барып, Үлкен қажылық парызын өтеп келген қажы апаларды Абай аудандық орталық мешітінің әйелдер жамағаты зор құрметпен күтіп алды.
Мешіт ұстазы Көкебай Нуризаттың ұйымдастыруымен өткен кездесу барысында қажы апаларымыз қасиетті сапардың машақаты мен ғибраты, қажылықтағы ерекше рухани әсерлер мен берекелі сәттер туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Жамағат қажылықтың мән-маңызы, Қағбаны алғаш көргендегі сезімдер мен құлшылықтың рухани ләззаты жайлы тың мәліметтер алып, тағылымды сұхбатқа куә болды.
Тағылымды отырыс соңында қатысушылардың жүрегінде қасиетті Қағбаға деген сағыныш пен қажылық сапарына деген ынта артып, ізгі тілектер айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы