ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Медет Құрмашұлы Абай аудандық орталық мешітінде жамағатпен кездесіп, тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында ұстаз «Адамды бақытты ететін 3 нәрсе» тақырыбында уағыз жүргізіп, мұсылманның өміріндегі маңызды рухани ұстанымдарға тоқталды. Атап айтқанда, адамның шынайы бақыты мен жан тыныштығының негізі ретінде:
- Барға шүкір ету;
- Жоққа сабыр сақтау;
- Күнәға тәубе ету екендігін түсіндірді.
Насихат барысында шүкіршілік нығметтің қадірін арттыратыны, сабырлық қиындықтарды еңсеруге күш беретіндігі және шынайы тәубе адамның рухани тазаруына себеп болатыны жайлы Құран аяттары мен хадистер негізінде кеңінен баяндалды.
Жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Кездесу соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалып, жиналған қауым рухани әсермен тарқасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы