Center Image
IHSAN.KZ
“Хазірет Али» мешіті балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді
“Хазірет Али» мешіті балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді

Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен балалар үйінде қайырымдылық шарасы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, оларға қамқорлық көрсету. Шара барысында балаларға тәттілер мен ойыншықтар тарту етіліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, бүлдіршіндермен еркін әңгімелесіп, олардың қуанышына ортақ болды.

Осындай игі бастамалар қоғамдағы қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын насихаттап, балаларға ерекше көңіл бөлудің маңызын арттыра түседі. Балалар да өз кезегінде ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz